8(7253)465969
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ
«ЖЕТІСАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ
КОЛЛЕДЖІ»
МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫ


ОҢТІҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТТЫҚ ДӘРІЛІК ФОРМУЛЯРЫ



ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
ВИДЕОШОЛУ
АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ҚЫЗМЕТІНЕ ХАБАРЛАСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1.   Қоғамдық тәрбие

- Халықтық  тәжірибе мен педагогика - психология ғылымдарының жетістігі негізінде студенттердің диалектикалық дүниетанымын қалыптастыру;
- жеке тұлғаның ізгілікті қасиеттерін дамыту;
- жастарға егемендік, бостандық, демократия ұғымдарының мәнін ұғындыру;
- әрбір жастың санасына- адам өміріндегі еңбектің ролін,шығармашылық жұмыстың қажеттілігін жете түсіндіру;
- саяси сауат ашуға,әлеуметтік,экономикалық мәселелерге  арналған саяси хабарлар, тәрбие сағаттар,кештер ұйымдастыру;
- ішкі істер,заң әділет,сот мекемелерінің қызметкерлерімен кездесулер,дөңгелек үстелдер,диспут, пікір алысулар, т.б. іс-шаралар ұйымдастыру;
- саяси қоғамдық, т.б. заңдарды оқып үйренуге;
1.2   Адамгершілік рухани тәрбие

- жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес мінез-құлық қалыптастыру;
- саяси,экономикалық,әлеуметтік,рухани дағдылар мен байлықтарды бойға сіңіру, құндылықтарды қалыптастыру;
- ұлттық мәдениетке-саналы көзқарасты қалыптастыру;
- студент жастардың Қазақстан Республикасының азаматы, болашақ маман, келешек отау иесі ретінде тұлғалық моделін жасау, қалыптастыру;
- дінге деген  дұрыс көзқарасты қалыптастыру;
- халық тарихын,ұлттық дәстүрін,тілін, мәдениеті мен әдебиетін үйренуді қалыптастырып қазақ театрына бару, ұлттық өнер мен сусындау тәлімін беру жолындағы шараларды ұйымдастыру;
- үздік өнер туындылары,қолөнер шебері, үздік фотомерген және  өнер тапқыш сияқты көрмелер ұйымдастыру;
- психология кеңесін ұйымдастыру;
1.3     Салауатты өмір салты
- Техникалық және кәсіптік оқу орнында дене-тәрбиесі пәнін жетілдіру, жаңа әдіс -тәсіл, формаларын ойластыру, оларды нақты іс-жүзінде ендіру;
- әртүрлі спорт түрлерін дамыта отырып( ұлттық спрттық ойын түрлерімен қоса),үйірмелер құру, спорт жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру;
- ұлттық спорт және  ойын түрлерімен таныстыру,  оның мәнін, ұлттық маңыздылығын ұғындыру, элементтерін үйрету;
- серуен, саяхаттар ұйымдастыру, туризмді дамыту;
- салауатты өмір сүруге даярлау мақсатында әртүрлі формада тәлім-тәрбиелік іс-шаралар өткізу;
тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі- маскүнемдікке, нашақорлыққа жол бермеуге арналған іс-шараларды кешенді түрде жүргізу;
1.4.     Эстетикалық тәрбие
- Білім алушылардың нәр-бойында эстетикалық талғам, көзқарас сезімдерін қалыптастыру;парасатты өзіне жолдас, дос таңдай білу;
- әсемдікті көре,түсіне, жасай білуге, талғампаздыққа үйрету;
- өнер,табиғат, еңбек, өмір саласындағы ең жақсыны ажырата білуге үйрету;
- әуесқой шығармашылық үйірмелері мен бірлестіктерін құру, олардың жүйелі,нәтижелі жұмыс істеуіне жағдайлар жасау;
- мәдени мұра атауын жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік, рухани,құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу;
- медициналық-профилактикалық жұмыстар жүйесін еңгізу;
- әр-түрлі жұқпалы аурулардан алдын-ала студенттерді өзін-өзі сақтандыруға тәрбиелеу;
1.5     Экологиялық тәрбие
- Халқымыздың «Атадан мал қалғанша, тал қалсын,бір тал кессең,он тал ек» - деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, қОрша?ан ортаны табиғатқа- деген құрмет пен сүйіспеншілікті ояту, табиғатты аялау, күтуді үйрету;
- жер бетіндегі халықтар тағдырының ортақ екендігін, табиғат пен адамның өзара байланыста екендігін, осының негізінде табиғатты, табиғи ресурстарды қорғауға дағдылану қажеттігін ұғындыру;
- экологиялық білім беру және насихаттау;
1.6     Ұлттық-рухани және патриоттық тәрбие
- «Сегіз қырлы,бір сырлы», егеменді елдің азаматын тәрбиелеу;
- ұлттық мәдениетті, әдепті жастар арасында қалыптастыру;
- бойжеткен, боз-бала тәрбиесіндегі ерекшеліктердің негізінде тәрбиелік мәні бар іс-шаралар ұйымдастыру;
- ұлттың тарихын, әдебиетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бойына тартып үйренуге тәрбиелеу;
- ұрпаққа отандық ерліктің өшпес үлгілерін қалдырған батырлары мен Алаштың арыстарының, ұлт зиялыларының өмір өнегесімен таныстыру
- өз отанын, жерін, елін қорғай алатын ел жанды, жігерлі азаматтарды тәрбиелеу;
- «Ер намысы», «Жігіт сұлтаны»- деген тақырыптарда байқаулар өткізу;
- дінтану аясында тәрбиелік мәні бар,іс-шаралар ұйымдастыру;
1.7     Құқықтық тәрбие
- Мемлекет заңдарын білу және оған  сый құрметпен қарау;
- Қазақстан Республикасының Коституциясын;
- Құқық қорғау органдарының тұжырымдары мен заң ережелерін бұзушылыққа төзбестік білдіруге;
- Азаматтық жауапкершілікті күшейту;
- Заң,сот,полиция,прокуратура өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру;
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ «ЖЕТІСАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫ, ТОҚБЕРГЕНОВ КӨШЕСІ, 3 ҮЙ, ИНД.160500

Copyright ©2018
ТО ДСБ ШЖҚ «ЖЕТІСАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКК