8(7253)465969
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ
«ЖЕТІСАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ
КОЛЛЕДЖІ»
МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫ


ОҢТІҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТТЫҚ ДӘРІЛІК ФОРМУЛЯРЫ



ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
ВИДЕОШОЛУ
АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ҚЫЗМЕТІНЕ ХАБАРЛАСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
МКҚК «Жетісай медицина колледжінің» педагог-психологы
Айдарқұл Шынар Ернарқызы
Психологиялық қызметтің басты мақсаты.

   Колледждегі психологиялық қызметтің басты мақсаты - даму мен оқу, тәрбиелеу процесін психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіне қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында оқыту мен тәрбиелеу процесін ұйымдастыру және жүргізу.
   Педагогтар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасын жақсарту, болашақ психологиялық-педагогикалық біліктілік дағдысын қалыптастыру.
Психологиялық қызметтің басты міндеттері:
- білім беру жүйесінің барлық субъектілеріне қажетті психологиялық көмек беру.
- студенттің жас ерекшеліктеріне байланысты тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.
- интеллектуалдық және тұлғалық дамудағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету.
- оқытушылар мен студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін анықтау.
- салауатты өмір салтын қалыптастыру.
- оқушылардың танымдық процестерін жетілдіру, жеке түлғаның педагогикалық-психологиялық зерттелуін ұйымдастыру, студенттер арасындағы психологиялық сауал, қарым-қатынасты анықтау.

Колледж психологы жауапты:
- өз зерттеу нәтижесінің дұрыстығына өзі жауап береді.
- пайдаланылатын әдебиеттер мен әдістердің сәйкестілігіне көңіл бөлу.
- зерттеу хаттамаларын сақтауы тиіс.
- өз жұмысын сапалы әрі уақытында орындауға тиіс.

Психологиялық жұмыстың негізгі бағыттары:
- Психологиялық диагностика -
- Мақсаты: Тұлғаның, педагогикалық ұжымның жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін де зерттеу.
- Психологиялық профилактика -
  Мақсаты: Тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау.
- Психологиялық түзету және дамыту -
   Мақсаты: Студенттердің психикалық және тұлғалық дамуындағы ауытқуларды болдырмау, жалпы біліктілікті дамыту.
- Психологиялық кеңес жүргізу, кәсіби кеңес жүргізу -
   Мақсаты: Педагогикалық үдерістердегі қатысушыларға мәселелерді шешуге көмек көрсету.
- Психологиялық білімді көтеру -
   Мақсаты: Педагогикалық үрдістерге қатысушылардың психологиялық мәдениетін көтеру.

Психологтар ұстамы:
«Жалғаймын деп  үзіп алма, түзеймін деп бұзып алма» дегендей кездесетін әртүрлі ситуациялық проблемаларды шешу жолдарын  жетік білуіміз қажет.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ «ЖЕТІСАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫ, ТОҚБЕРГЕНОВ КӨШЕСІ, 3 ҮЙ, ИНД.160500

Copyright ©2018
ТО ДСБ ШЖҚ «ЖЕТІСАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКК