8(7253)465969
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ
«ЖЕТІСАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ
КОЛЛЕДЖІ»
МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫ


ОҢТІҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТТЫҚ ДӘРІЛІК ФОРМУЛЯРЫ



ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
ВИДЕОШОЛУ
АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ҚЫЗМЕТІНЕ ХАБАРЛАСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.   0301000- «Емдеу ісі» мамандығының коды мен мамандық атауы
Біліктілігі:      0301013- «Фельдшер»
2.   0301000- «Емдеу ісі» мамандығы бойынша кәсіби білім бағдарламасын меңгеру түрі:   күндізгі.
Мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білімнің  кәсіптік білім беру бағдарламасын күндізгі оқу формасында  меңгерудің нормативтік мерзімі:
3. 0301013 - «Фельдшер»  біліктілігі бойынша бітірушінің  кәсіптік қызметінің объектілері  әр түрлі жас аралығындағы  үлкен адамдар және балалар болып табылады.
4. 0301000- «Емдеу ісі» мамандығы  0301013 - «Фельдшер» біліктіліктері бойынша кәсіби қызметтің түрлері:
- ауруханаларда, емханаларда, дәрігерлік амбулаторияларда (ДА), фельдшерлік-акушерлік пункттерде (ФАП), медициналық - санитариялық алғашқы жәрдем (МСАЖ) орталықтарында  емдік - диагностикалық шараларға, әртүрлі жас аралықтарында науқастарға алғашқы медициналық және санитариялық  көмек көрсетуге қатысу;
- жіті ауруларда және келеңсіз жағдайларда  дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету және науқастың жағдайын бағалау;
- медициналық мекемелерде санитариялық - гигиеналық және эпидемияға қарсы  режимді сақтау;
- эпидемияның шұғыл жағдайында жаппай зақымдану ошағындағы тұрғындарға медициналық көмек көрсету;
- науқасты реабилитациялауға және әлеуметтік қорғаныс органдарының, қайырымдылық қызметтерімен бірлесіп интернат үйлеріне, жалғызбастылар хоспистеріне,  қарттарға, мүгедектерге және созылмалы аурулары бар науқастарға көмек көрсету және орналастыруды  ұйымдастыруға қатысу;
- аурулардың алдын - алу және салауатты өмір салтын насихаттау;
-алғашқы медициналық - санитариялық ұйымдарда нормативтік құжаттарды рәсімдеу.
0301000- «Емдеу ісі» мамандығының коды мен мамандық атауы
Біліктілігі:   0301023- «Акушер»
2. 0301000- «Емдеу ісі» мамандығы бойынша кәсіби білім бағдарламасын меңгеру түрі:      күндізгі.
Мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білімнің  кәсіптік білім беру бағдарламасын күндізгі оқу формасында  меңгерудің нормативтік мерзімі:
3. 0301023 - «Акушер»  біліктілігі бойынша бітірушінің  кәсіптік қызметінің объектілері  әр түрлі жас аралығындағы  әйел адамдар болып табылады.
4. 0301000- «Емдеу ісі» мамандығы  0301023 - «Акушер» біліктіліктері бойынша кәсіби қызметтің түрлері:
- әртүрлі саладағы акушерлік және гинекологиялық бөлімшелерде, перинатальды орталықтарда және ана мен баланың денсаулығын сақтау орталығында, әйелдер кеңесінде, стационарлық және емханалық типтегі  медициналық ұжымдардың бөлімдерінде және  диагностикалық- көмек көрсету қызметтерінде  жүкті,  босанатын, босанған, гинекологиялық науқастарға емдік- диагностикалық  көмек көрсету;
- мамандықтың саласы бойынша  жіті аурулар және келеңсіз  жағдайларда  дәрігерге  дейінгі шұғыл медициналық көмек көрсету;
- бөлімшелерде (әйелдер кеңесінде, бөлмеде) санитарлық - гигиеналық  және санитарлық - эпидемиологиялық тізімдерді сақтау;
- гинекологиялық  ауруларды айқындау мақсатында  әйелдерді алдын-ала қарау;
- пациенттің әлеуметтік тұрмыстық  жағдайын, жанұя жағдайын ескере отырып, денсаулығына ықпал ететін физикалық, психикалық, әлеуметтік және мәдени  қауіп қатер  ықпалдарын анықтау;
-акушерия-гинекология  саласындағы медииналық ұжымдардың құрылымдық бөлімдеріндегі  пациенттердің  және  медицина қызметкерлернің инфекциялық  қауіпсіздігін және инфекциялық бақылау жүйесін жүзеге асыру.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ «ЖЕТІСАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫ, ТОҚБЕРГЕНОВ КӨШЕСІ, 3 ҮЙ, ИНД.160500

Copyright ©2018
ТО ДСБ ШЖҚ «ЖЕТІСАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКК