8(7253)465969
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ
«ЖЕТІСАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ
КОЛЛЕДЖІ»
МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫ


ОҢТІҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТТЫҚ ДӘРІЛІК ФОРМУЛЯРЫ



ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ
ВИДЕОШОЛУ
АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ҚЫЗМЕТІНЕ ХАБАРЛАСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
МКҚК Жетісай медицина колледжінде «Инновациялық, технологиялық тиімділікпен оның оқушылардың даму деңгейіне ықпалы» тақырыбында  аймақтық ғылыми әдістемелік семинар өткізілді.
Семинар мақсаты:
Оқу үрдісінде иновациялық технологияларды қолдану - оқушылардың білімділік және шығармашылық қабіліттерін арттыру ғана емес, сонымен бірге, пән оқытушыларының да кәсіби шеберлігін көтерудің, құзыреттілігін жетілдірудің тиімді екенін көрсету, тәжірибе алмасу.
Негізгі бағыттары.
«Инновациялық, технологиялық тиімділікпен оның оқушылардың даму деңгейіне ықпалы» ғылыми - практикалық конференция
«Инновациялық, технологиялық тиімділікпен оның оқушылардың даму деңгейіне ықпалы» ғылыми-психологиялық семинар - тренинг
«Инновациялық, технологиялық тиімділікпен оның оқушылардың даму деңгейіне ықпалы» теориялық сабақты өткізу тәжірибесінен шеберлік мектебі.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаусаласын  дамыту 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және бәсекеге қабілетті ғылыми зерттеу жүргізу мақсаттында, 24 ақпан 2016 жылы «Тыныс алу жүйесінің обыр ауруларын алдын алу шаралары» атты студенттік оқу зерттеушілік конференция өтті.
      Іс-шараға арнайы қатыссқан аудандық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталғының меңгерушісі К. Жантуреева мен педагог-валеологы Р. Такибаева қатысты.
  Конференция барысында  колледждің шәкірттері обыр, өкпенің қатерлі ісігі, тыныс алу жүйесінің аурулары т.б. аурулар жайлы баяндамалар жасады.
02.03.2016 жылы  коллдждің үздік оқытушысы 2016 байқауы өткізілді, байқауға төрт оқытушы қатысты олар:
Тойлыбаева Динара «Информатика» пәнінің оқытушысы
Арынова Лиза «Қазақстан тарихы» пәнінің оқытушысы
Тулевова Замира «Медбикелік іс» пәнінің оқытушысы
Шайхыбекова Салима  «Қазақ әдебиетті» пәнінің оқытушысы
         Байқау төрт кезеңде өтті, бірінші жүлделі орынды  «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқытушысы Шайхыбекова Салима  иеленді.
         Осы байқаудың нәтижесе бойынша 25 наурыз 2016 жылы Түркістан медициналық колледжінде өткен облыстық «Үздік оқытушысы» сайысына Шайхыбекова Салима  қатысып жүлделі үшінші орынға ие болды.
2015-2016 оқу жылының жоспарына сай № 6 ӘПБ оқытушылары  ашық сабақтар өткізді. Олар:
«Акушерия және гинекология» пәнінің оқытушысы Аллаярова Гүлзат 305 медбике ісі тобында «Гинекологиядағы іштеспе» тақырыбында. 
«Акушерия және гинекология» пәнінің оқытушысы  Шапанбаева Жанар  301 емдеу ісі тобында «Әйел жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктері және нағыз ісіктері» тақырыбында.
«Балалар аурулар» пәнінің оқытушысы Мусаева Перуза 301 емдеу ісі тобында «Балалардың жұқпалы аурулары оларды алдын алу» тақырыбында.
Колледжде Халықаралық мейірбике күніне арналған бітіруші оқушылар арасында «Үздік медбике » сайысы өткізілді .Сайыс төрт кезенде өтті. Сайысқа медбике тобының 7 оқушысы қатысты. Бірінші кезен тесттлеу, екінші кезен презентация дайындау. Презентацияның тақырыбы : «Өткенді бағалаймыз, бүгінгімен мақтанамыз, болашақты құрамыз». Үшінші кезен 5 пәннен ( медбике ісі, акушерия, хирургия, балалар аурулары,терапия) тәжірибелік іс әрекеттер көрсету, төртінші кезен жағдайаттық есеп шығару.Сайысқа әділқазылық еткен Аудандық орталық емханаларының және ауруханасының аға мейірбикелері. «Үздік медбике» сайысының жүлделі иегері болған Муратова Зульфия.
2016 жылдың сәуір айының 15 күні колледжде «Ең үздік медбике-2016» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға Түркістан медицина колледжі, Түркістан көпсалалы медицина колледжі, Сарыағаш қаласының Абу Али Ибн Сина және Арыстанбап  медицина колледжі, ОҚМФА жанындағы медицина колледжі, Жанықұл медицина колледждері қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша  жылдың ең үздік медбикесі атағына ие болған Жетісай медицина колледжінің  бітірушісі Мұратова Зүльфия Хасанқызы. Жүлделі І орын иегері Мұратова Зүльфия Хасанқызы Республикалық «Ең үздік медбике-2016» сайысына қатысуға жолдама алды.
Наурыз айының бірінші он күндігінде оқу орнымызда бірлік пен ұлтаралық татулықты нығайту мақсатында білім алушы өзге ұлт өкілдерімен «Қоғамдық келісім орталығы» қызметкерлерінің кездесу жиналысы ұйымдастырылды.
101 «Акушер ісі» 104 «Емдеу ісі» топтары   8 наурыз - қыз келіншектер мерекесіне орай «Анадан асқан жан барма?» атты  ашық тәрбие сағаттары өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында ақпараттық стендтер жасатылды. Аталмыш стендтерде сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі заңдар жазылып, тиісті мекемелердің, облыстық білім басқармасының сенім телефондары көрсетілді.
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мересіне орай 201 «Акушер ісі» тобы «Қош келдің - әз-Наурыз» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
Сәуір айының 9-ы күні бітірушілерге арналған «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиынға Нұр Отан партиясынан қатысып, үздік оқу озаттары және колледждің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқан оқушылар ды марапаттады.
Колледжде сәуір айының 16 мен 20-сы аралығында  оқушылардың  алғашқы әскери дайындығы  бойынша дала жиыны өткізілді.  Колледжден 23 оқушы  қатысты.
Колледждің ақпараттық-коммуникациялық, инновациялық, әдістемелік бағытта жинақтаған тәжірибесімен бөлісу, колледждің заманауи пән аралық симуляциялық, фантомдық орталықтарында симуляциялық тәсілдермен студенттердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру жолдарын көрсету мақсатында «Өрлеу » БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ Онтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінде « Кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру және жүзеге асыру мәселелері» тақырыбындағы конференцияға біздің оқытушылар мақалалар жіберді. Мақала жіберушілер жоғары дәрежелі биология пәнінің оқытушысы Срайлов Ж.С.  «Биология пәнің оқытуда пікірталас әдісінің тиімділігі» тақырыбында, бірінші дәрежелі құқық пәнінің оқытушусы Анықбеков А. «Қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында.
       Осымен қатар, Сайрам ауданы, Ақсукент елді мекенінде орналасқан көп салалы колледжінде «Жаһандық бәсекелестік жағдайындағы білім беру жүйесінің мәселелері, басылымдықтырының даму болашағы» атты конференциясына  колледждін педагогика және психология пәнінің оқытушысы Мынбарханова Л. «Оқытушылардың даму деңгейінің жағымды коммуникативтік әсері»және экология пәнінң оқытушысы Байбаков Е. «Кейс стади амал - тәсілін қолданудың тиімді жолдары» атты мақалаларын жариялады.
      Републикалық баспасөз өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс атқару мақсатында өздерінің зерттеушілік жұмыстарын «Жеті күн» Республикалық саяси газетінде мәдениеттану пәнінің оқытушысы Бекназаров А.Қ. «Дәстүрі - дара , салты салихалы»  атты және колледждің тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Срайылов Ж.С. «Бүгінгі-биік, келешегі - кемел»
атты мақалаларын жариялады. Республикалық педагогикалық журналына жоғары санатты ағылшын тілі оқытушысы «Мультимедия арқылы ағылшын тілі пәнінің сапасын арттыру» атты мақаласын жария етті.
      Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында үйірме жетекшілерімен бірге колледждін волонтерлік тобы ақпан айы қатерлі ісіктермен күрес айы , наурыз айы темекі шегумен күресиік атты  акциалар өткізді. Акция барысында әдістемелік нұсқаулықтар таратылды, « Салауатты өмір біздің келешегіміз» аты стенд дайындалды.
Тәрбие жұмысы
2016 жаңа жылды Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» - атты Қазақстан  халқына жолдауын насихаттау жұмыстарынан бастадық. Ақпараттық - насихаттық топ құрылып, жұмыс жоспары түзілді. Нәтижесінде колледж оқытушыларына, жатақхана студенттеріне,  жалпы студент контингентіне түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Қаңтар айының үшінші он күндігінде оқу орнымыздың намысын қорғап жүрген «Мед. коммедия» КВН командасы аудандық «Жайдарман» КВН сайысының  ½  жартылай финал ойындарына қатысып алдағы сайыстарға «СЕРТИФИКАТ» жеңіп алды.
04.02.2016 ж. күні жастар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатын және Мырзакент көп салалы колледжінде оқитын 1 курс студенттінің жасаған қылмысына байланысты колледждің оқушы ер-азаматтарына жиналыс ұйымдастырылды. Осы аталмыш мәселе бойынша барлық топ жетекшілерге жиналыс өткізілді. Жиын барысында топ жетекшілерге топтарда түсіндіру жұмыстары жүргізуі қажет екендігі ескертіліп, студенттерді қатаң бақылауға алу керектігі тапсырылды.
Ақпан айының он бірінші жұлдызында ОҚО діни экстремизм мен терорризмге қарсы іс - қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында оқытушылардың біліктілігін арттыруға арналған облыстық семинар өткізілді. Осы облыстық семинарда алған мәліметтерді студенттерге түсіндіру мақсатында жәнеде қылмыс пен құқық бұзушылықтың, зорлық - зомбылықтың, өз - өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында барлық топтарға семинар кестесі түзіліп, өткізілді. Іс - шара барысында 633 студент қамтылды. 
Жастар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқу орнымызда оқитын кәмелеттік жасқа толмаған студенттерге АІІБ-ның қылмыскерлерді уақытша ұстау абақтысын көрсету іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шарада 37 оқушы ер - азамат қамтылды.
«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан 2021: Бірлік, тұрақтылық, жасампаздық» атты сайлау алды бағдарламасын колледж ұжымына, студент жастарына түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізілді.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ «ЖЕТІСАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

ЖЕТІСАЙ ҚАЛАСЫ, ТОҚБЕРГЕНОВ КӨШЕСІ, 3 ҮЙ, ИНД.160500

Copyright ©2018
ТО ДСБ ШЖҚ «ЖЕТІСАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКК